ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН КҮШ БІРІКТІРДІ

Уақыты: 15.12.2020
Оқылды: 791
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мемлекет басшысы Жастар жылының жабылу рәсімінде жас қазақстандықтар патриотизмның алдыңғы шебінде жүру керек деп атаған еді. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы өскелең ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, «Жас Ұлан» ұйымы өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды серіктес болып табылады. Тараптардың бұл бағыттағы ниеттері ұқсас болды.

Бұл туралы «Жас Ұлан» төрағасы Д.Сәдуақасова мәлімдеді, сондай-ақ, ұйымның мақсаты – Отанымыздың жас патриоттарын қазақстанның халқына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен адалдық негізінде тәрбиелеу екенін атап өтті. Бүгінгі таңда ұйымның құрамында 1,5 миллионнан аса мектеп оқушысы бар.

Тараптардың келісімі бойынша, енді «Жас Ұлан» ұйымы оқушылар арасында дұрыс құндылықтар ұстанымдарын дәріптеуге бағытталған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарымен белсенді ынтымақтастық жасайтын болады. Меморандумға қол қою аясында тараптар «Жеті жарғы» бағытының қызметі аясында орта мектептерде«Адал ұрпақ» клубының 2021 жылға арналғанкешенді іс-шаралар жоспарын бекітті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"