ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТ ҚЫЗДАРЫ САМБОДАН ЧЕМПИОН БОЛДЫ

Уақыты: 11.03.2021
Оқылды: 1240

Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Осы чемпионатта Жетісу университеті дене шынықтыру және өнер факультетінің 1-курс студенттері Ақнұр Асылбекова (54 кг салмақта) мен Анель Қайратқызы (65 кг салмақта) 1-орынға ие болды. Жастайынан спортпен шұғылданатын студент қыздарды облыстық чемпионатқа факультет оқытушылары дайындаған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"