Қытайдағы қандасымыз Ташкент төрінде екі дүркін Олимпиада чемпионын ұтты

Уақыты: 11.05.2023
Оқылды: 1122

Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының бес боксшысынан бөлек, тағы екі қазақ баласы өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы  KAZ.NUR.KZ дерегіне сүйеніп. 

Атап айтар болсақ, 80 келіге дейінгі салмақта Қытай намысын қорғайтын этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан ширек финалды сәтті өткізді. Ол басқа емес, Рио және Токио олимпиадаларының чемпионы, кубалық Арлен Лопеспен кездескен болатын.

Бірінші раундта қарсыласқа есе жіберген ол кейін өзін тез жинап, жеңіске жетті. Осылайша, өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінің жартылай финалына өтіп отыр. Ол кем дегенде қола жүлдегер ие болады.

Айта кетелік, Тоқтарбектен бөлек, Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев та әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол 63,5 келі салмақта өнер көрсетеді.

Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Қазақстан сапынан жартылай финалға бес боксшы жолдама алды. 

Фото: iba.sport