Астанада өтуі тиіс бокстан Азия чемпионаты кейінге шегерілді

Уақыты: 26.06.2023
Оқылды: 541

Астана қаласында өтуі жоспарланған бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионаты кейінге қалдырылды.

 

Бұл жөнінде Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Құрлықтық доданы кейінгі шегеру себебі белгісіз.

Азия чемпионаты 14 және 30 шілде аралығында елордада өтуі тиіс болатын. Онда жастар арасында 2005-2006 жылғылар сайысқа түссе, жасөспірімдер арасында 2007-2008 жылғылар жүлдені сарапқа салады.

Еске салсақ, Халықаралық Оолимпиада Комитеті Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 22 маусымда өткен кезектен тыс сессияда Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты. Мұндай шешім қабылдауға 69 сайлаушы дауыс берген. Оның біреуі ғана бұл шешімге қарсы болып, тағы 10 сайлаушы қалыс қалды.

 

Материал: ҚазАқпараттан алынды

Фото: көрнекілікке