Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде сегіз сатыға жоғарылады

Уақыты: 29.06.2023
Оқылды: 686

FIFA жариялаған жаңа рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингі бүгін, 29 маусымда шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.

Айта кетейік, қазақстандық футболшылар маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында сырт алаңда Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) қапы қалдырған еді.

Ел құрамасы сынға түсетін H тобында Дания -19, Финляндия -54, Словения -60, Солтүстік Ирландия - 64, Сан-Марино -211 орында тұр.

Жаңартылған рейтингте Аргентина көш басында тұрса, одан кейінгі орындарда Франция мен Бразилия келеді.

Фото: sport12.kz