АЛҒАШҚЫ КҮНІ ТӨРТ МЕДАЛЬ

Уақыты: 21.07.2023
Оқылды: 617

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде еліміздің еркін күрестегі балуандары төрт медаль алды.


Жүлдегер болғандар қатарында жетісулық Мағжан Жанырбай да бар. Ол 79 келі салмақта күресіп, қола медаль алды. Одан бөлек Камил Куруглиев (97 келі) алтын алса, Мерей Базарбеков (57 келі) мен Мұхаметәли Қабидолданов (70 келі) қола медалға ие болды.

Алуа ОСПАНЖАН