«ЖЕТІСУ» ФУТЗАЛ КЛУБЫНДА ЖАҢА БАПКЕР

Уақыты: 21.07.2023
Оқылды: 608

Бразилиялық Биро Жаде «Жетісу» футзал клубының бапкері болып тағайындалды. Жаде осыған дейін де «Жетісудың» жаттықтырушысы қызметін атқарған еді. Ол кезде негізгі база Талдықорғанда емес Алматыда болатын, одан кейін клуб тарап, былтыр қайта құрылды.


Былтыр қайта құрылған «Жетісу» футзал командасы алғашқы маусымда тек 3 жеңіске жетіп, турнирлік кестеде соңғы орын алған еді. Ол кезде бапкер Асхат Алжақсин болды. Биыл  клубта өзгерістер көп. Алғашқы трансфер – бапкер.

Бразилиялық 50 жастағы маман ойыншы есебінде де көпке таныс. Ол «Спартак-Мәскеу», «Тұлпар», «Спартак-Щелково», «Араз» және «Ураган» клбутарында ойнады. Әзірбайжан құрамасында лидер ойыншылардың бірі болды. Биро Жаде бапкер есебінде «Араз» клубын жаттықтырып, Әзірбайжан чемпионы атанған. Елімізде «Жетісудан» бөлек «Атырау» футзал клубын да жаттықтырды.