ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕГІ ЖЕТІСТІК

Уақыты: 21.07.2023
Оқылды: 541

Өзбекстанның Жизақ қаласында бокстан Азия чемпионы (2017) Гузаль Исматованы еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Турнирге 2007-2008 жылдары дүниеге келген қыздар қатысты.


Жерлестеріміз Аяжан Сыдық күміс, ал Аружан Зейноллаева қола медалға ие болды. Жетісулық боксшылардың екеуі де 80 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Жарыста Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 250-ге жуық жасөспірім боксшылар рингкке шықты.

Гузаль Исматова Азия чемпионатында 81 келіде күміс (2015), және алтын (2017) алған. Ол 2021 жылы 25 жасында ұзақ дерттен көз жұмды.

Алуа ОСПАНЖАН