ШҮМЕНОВКЕ ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 24.07.2023
Оқылды: 422

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды.


Шүменовті іздестіру туралы хабарландыру 22 шілде күні ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 

*ШҮМЕНОВ ТӨБЕЛЕС ШЫҒАРДЫ 

*МИНИСТР ШҮМЕНОВТІҢ ӘРЕКЕТІНЕ ПІКІР БІЛДІРДІ 

 

18 маусым күні Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде спортшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Төбелестің бейнежазбасы желіге таралған. Осы жайттан кейін былғары қолғап шеберіне "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті "Қорқыту" бабы бойынша жауапқа тарту қажеттігін айтты.

 Telegram желісіндегі парақшамызға тіркеле кетіңіз!